Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 5 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

«2021 жылғы 15 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.