Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

«2021 жылғы 30 желтоқсанда Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы ықтимал»,-делінген «Қазгидромет» РМК-ның болажамында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.