Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 5 қаласындай жайсыз метеорологилық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

«Жайсыз метеорологиялық жағдай Алматы, Шымкент, Атырау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қалыптасады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.