Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 1 ақпанда еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Шымкент қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасының екінші дәрежелі ластану қаупі бар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.