Бүгін Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

2022 жылғы 8 ақпанда Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі) және Өскемен (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.