Бүгін Қазақстанның 7 қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2021 жылғы 31 желтоқсанда Нұр-сұлтан, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген «Қазгидромет» РМК-сы таратқан ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.