Бүгін Қазақстанның 7 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2022 жылғы 4 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар және Теміртау қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.