Бүгін Қазақстанның аумағы жоғары атмосфералық қысым жағдайында болады - Қазгидромет

АНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, 14 қаңтар күні Қазақстанның аумағы жоғары атмосфералық қысым жағдайында болады. Республиканың тек шеткері оңтүстігіне атмосфералық ағымдар ықпал етпек.

Бүгін Қазақстанның аумағы жоғары атмосфералық қысым жағдайында болады - Қазгидромет

Мәселен, түнде Алматы облысының жекелеген жерлеріне тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с екпінде жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында кей жерлерде, сондай-ақ тұман күтілуде.

Күндіз Маңғыстау және Атырау облыстарында жел күшейіп, оның жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.

Ал Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте елдің сулы нысандарында мұздың қату үрдісі жалғасады. Жекелеген өзендерде мұз кептеліп, су деңгейі көтерілуі ықтимал.