Бүгін Қазақстанның барлық аумағында үскірік аяздар болады деп болжануда - Қазгидромет

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанға күшті әрі суық антициклонның ықпалының сақталуы себепті бүгін, қаңтардың 19-ы күні елдің барлық аумағында дерлік үскірік аяздар болады деп болжануда.

Бүгін Қазақстанның барлық аумағында үскірік аяздар болады деп болжануда - Қазгидромет

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 41-46 градусқа дейін төмендемек.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күндіз 15-23 м/с жылдамдықта жел тұруы ықтимал.

Маңғыстау, Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрып, бұрқасындатады.

Ал Қостанай және Алматы облыстарының кей жерлерін тұман басады деп болжануда.