Бүгін Қазақстанның барлық аумағында жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшті жел тұрады - Қазгидромет

СТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қазанның 1-і күні Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі атмосфералық циклонның ықпалында болады. Соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел соғады. Ал республиканың қалған өңірлерінде ауа райын антициклон қалыптастырады.
None
None

Мәселен, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, кейбір уақыттары оның күші 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында да жел тұрады, оның күші секундына 15-20 метрді құрайды. Қарағанды облысының кей аумақтарында шаңды дауыл борайды.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды деп болжануда.

Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше бүгін, Қазақстанның орталық, батысы, шығыс және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар