Бүгін Қазақстанның басым аумағына антициклонның ықпалы сақталады - Қазгидромет
АНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 12 қараша күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жылдамдығы 17-22 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ал Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде және күндіз тұман болады.