Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар мен жаңбыр күтілуде
ТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Жұма, 28 қазан күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына атмосфералық ағындармен байланысты белсенді антициклонның ықпал етуімен қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Бұл туралы «Қазгидрометтен» мәлім етті.
Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын молынан жауып, жел күшейеді. Жекелеген аудандарды тұман басып, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аумақтарында желдің жылдамдығы артып, оның екпіні секундына 15-22 метрді құрайтын болады. Сондай-ақ аталмыш өңірлерде тұмен мен көктайғақ болжануда.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі сулы нысандарда су бетінің сууы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбырға байланысты су көлемінің артуы ықтимал. Ал елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы күтілуде.