Бүгін Қазақстанның басым аумағында күшті жел тұрып, бұрқасындатады - Қазгидромет

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, 30 желтоқсан күні республиканың басым аумағына антициклонның әсері сақталады. Ал елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс бөліктері атмосфералық ағымдар ықпалында болады, мұнда - күшті жел мен бұрқасын күтілуде.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында күшті жел тұрып, бұрқасындатады - Қазгидромет

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, 17-22 м/с екпінде жел соғады деп болжануда. Жарма ауданында желдің күші секундына 25 метрге жетуі ықтимал.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түнде Қарағанды облысында - бұрқасын, тұман, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін көтерілуі ықтимал.

Алматы облысында тұман, түнде Жалаңашакөл аумағында секундына 20-25, кей уақыттары 30 метрге дейін жел көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында - тұман, түнде 18 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 18 метрді құрайды.

Маңғыстау облысында күндіз 18 м/с екпінде жел болады.

Қостанай облысында желдің күші секундына 18 метрге дейін күшейіп, түнде кей аумақтарында бұрқасындатады.