Бүгін Қазақстанның басым аумағында температура 0-ден төмендейді - Қазгидромет
ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, 30 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағында антициклон тарамдарының ықпал етуімен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Республиканың тек батысында атмосфералық ағымдардың ығысуымен жекелеген жерлерде жаңбырлар, найзағай мен күшті желдер күтілуде.
Атап айтқанда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Түнде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарындағы 0-3 градусқа дейінгі күн суытуы бүгін де сақталады.
Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығыс және батыс аумақтарында жоғары өрт қаупі болады.