08:16, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел тұрады - Қазгидромет
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 28-і күні Қазақстанның басым аумағы жаңбыр мен күшті жел болатын атмосфералық ағымның - циклонның ықпалында болады. Ал елдің батысында күн жауын-шашынсыз.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінмен жел тұрады.
Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше бүгін, Қазақстанның оңтүстігінде, батысы мен оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде өрт қаупі сақталады.