Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, ұйтқыма жел тұрады - Қазгидромет

ТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 5 қазанда, сәрсенбі күні атмосфералық ағымдардың өтуімен Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, ұйытқыма жел тұрады.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, ұйтқыма жел тұрады - Қазгидромет

Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында 15-22 м/с жылдамдықта жел соғады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтілуде.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында түнде 0-3 градусқа дейін суытады.

Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі болады.

Астана қаласында температура бағаны күндіз +8+10 градусты көрсетсе, түнде 4-6 градусқа дейін төмендейді. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Таңертең және күндіз оның екпіні 18 метрге жетуі ықтимал.