Бүгін Қазақстанның басым аймағында 22 метр/секундқа дейін жел тұрады - Қазгидромет
СТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, сәуірдің 29-ы күні Қазақстанның шығыс аумағы атмосфералық ағымдармен байланысты циклонның ықпалында болады.
Циклон өңірге жауындар мен күшті желдер алып келеді деп күтілуде.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және күндіз Павлодар облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарының жекелеген өңірлерінде шаңды боран тұрып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғуы ықтимал.
Ал Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады деп болжануда.