Бүгін Қазақстанның басым аймағының ауа райына антициклонның ықпалы сақталады - Қазгидромет
Республиканың солтүстіктегі шеткері өңірлер арқылы жылы атмосфералық ағымдардың жылжуы байқалады, ал шеткі оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарына суық ағымдардың әсері сақталады.
Мәселен, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақыттары оның екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау, күндіз Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Ал Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өңірлерінде тұман сақталып, бұрқасындатады, секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында - кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.