Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында күшті аяз сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат -Қазақстанға күшті әрі суық антициклондардың ықпалы жалғасып отырғандықтан, сәрсенбі, қаңтардың 20-сы күні елдің басым аймақтарында үскірік аяздар сақталады,

Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында күшті аяз сақталады - Қазгидромет

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады, Жамбыл облысының таулы аймақтарында оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады.

Түнде Жамбыл, таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аумақтарында тұман болады.