Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында - жел, көктайғақ болады деп болжануда - Қазгидромет

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, қаңтардың 23-і күні Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігі атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады.

Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында  - жел, көктайғақ болады деп болжануда - Қазгидромет

Ал республиканың қалған аймақтарында ауа райын күшті антициклонның тарамдары анықтайды.

Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Ал Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, Оңтүстік Қазақстанда - тұман, Маңғыстауда - кей жерлерде көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.

Алматы облысында кей аумақтарда - тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан жел 20-25, кей уақыттары 30 м/с-қа дейін күшейеді.