Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда бұршақ жауады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазаақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөліктерінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.