Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК-дан мәлім еткендей, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады.

Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.