Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2022 жылғы 26 желтоқсанға Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік-батыс антициклонының екпіні Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де өз ықпалын сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ауа райы болады деп хабарлаған болатын.