Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар