Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірінде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға жетіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді. Түнгі уақытта тұман түседі. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.