Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде желді бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жауын жауып, бұрқасын болады, жел күшейеді, тұман, көктайғақ болды.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде желді бұрқасын болады

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен қатар желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел соғады (күші 15-20 м/с), түнде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, бұрқасынмен қатар жел соғады, күші 15-20 м/с.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел соғады, күші 15-20 м/с. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ға күшейеді. Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға күшеюі күтіледі.