Бүгін Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына Сібір антициклонының суық ықпалы сақталады
АНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 14 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына Сібір антициклонының суық ықпалы сақталады.
Республиканың тек батысында атмосфералық ағымдардың жылжуына байланысты жауын, тұман және көктайғақ күтілуде.
Мәселен, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей өңірлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жел көтеріледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік батыстан секундына 20-25 метр екпінмен соққан желдің күші 30 м/с-қа дейін жетуі ықтималы.