Бүгін Қазақстанның батыс аумағында кей жерлерде қар, ал оңтүстігінде күшті жел, көктайғақ болуы мүмкін

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 15-і күні Қазақстанның батыс аумағында кей жерлерде қар, оңтүстігінде - жауын,

Бүгін Қазақстанның батыс аумағында кей жерлерде қар, ал оңтүстігінде күшті жел, көктайғақ болуы мүмкін

 қатты жел, көктайғақ болуы ықтимал, жекелеген аумақтарда  тұман болады деп күтілуде.

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін республиканың шығыс бөлігі антициклонның ықпалында қала береді. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде күн бұрқасындатып, секундына 17-22 метр жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде. Қостанай облысында  желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, Ақтөбе облысында  кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

 Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін күшейеді деп болжануда.

 Ақмола және Қарағанды облыстарында  кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысының кей аумақтарында көктайғақ болады.

 Алматы облысының жекелеген бөліктерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, Жалаңашкөл аумағында оның жылдамдығы 18-23 м/с болады, кей уақыттары 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

 Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында желдің екпіні 25-28 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.