Бүгін Қазақстанның батыс аймағында кей жерлерде тұман, көктайғақ, ал солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Сейсенбі, желтоқсанның 29-ы күні Қазақстанның басым аймағы атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кей жерледе түман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 20-25 м/с жылдамдықпен жел соғып, оның екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында - кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады. Қостанай және Ақмола облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.
Қарағанды облысында - кей аумақтарда тұман, көктайғақ. Сондай-ақ, Павлодар мен Шығыс Қазақстанның кей жерлеріне бұрқасындатып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.