Бүгін Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 10 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктер мәліметінше, жұма күні ауа сапасы Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында нашарлайды.
Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.