04:00, 05 Тамыз 2021 | GMT +6
Бүгін Қазақстанның бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 5 тамызда Петропавл қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасы, ауа сапасы нашарлайды.
Қазақстанның өзге қалаларында метеорологилық жағдай қалыпты.
ҚМЖ Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.