Бүгін Қазақстанның бірқатар аймақтарында бұрқасын, көктайғақ болады, 28 м/с жылдамдыққа дейін жел тұрады - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін, желтоқсанның 5-і күні республиканың бірқатар аймақтарында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді деп болжануда,
None
None

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 ТЖМ-ның хабарлауынша, сенбіде Қазақстанның солтүстік аймағы Батыс Сібір аумағынан келетін арктикалық ағымдар бөлігінің ықпалында болады. Ал республиканың оңтүстік-шығысына төмен атмосфералық қысым әсер ететін болады.

 Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Павлодарда, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде бұрқасын болып, секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Павлодар облысында кей жерлерде - көктайғақ болады.

 Қарағанды облысында кей жерлерде - бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады.

 Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Түнде Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с, кей уақыттарда 25-28 м/с-қа дейін жел соғады.

 Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарына тұман түседі.

 Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік аумағындағы өзендер мен көлдерде мұз қату процесінің күшейуі байқалатын болады. Шығыс Қазақстан облысының кей өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасындағы Сырдария өзенінде су деңгейінің төмендеуі байқалып, судың беті салқындайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар