Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайысз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 11 маусымда Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінгенхабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.