Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде бүгін күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауады. Бұл өңірлердің кей жерлерінде жел күшейіп, нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Ал, еліміздің басқа өңірлері жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қостанай облысының түнде кей жерлерінде ғана, ал күндіз бүкіл облыс аумағында 17-22 м/сек жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысы, ОҚО, Ақтөбе облысы, СҚО, Қарағанды облысы, күндіз Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/сек-қа дейін көтеріледі.
Ал, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және ШҚО-ның кей өңірлерінде ыстық болады деп күтілуде.