Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын болып, жел күшейді - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде фронтальді ауа ағымдарының өтуіне байланысты ауа райының құбылмалылығы байқалады. Кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ, желдің екпінінің артуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күн күркірейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы облысының кей жерлерінде күн күркіреп, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей бөліктерінде тұман түсіп, күн күркірейді, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді.