Бүгін Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы - жылы, жауын-шашынсыз, солтүстігінде - жаңбыр күтілуде
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 29-ы күні Қазақстанның оңтүстік бөлігі антициклонның ықпалында болады, мұнда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтілуде. Ал республиканың солтүстік бөлігіне төмен қысымды атмосфера әсер етпек, мұнда жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Мәселен, Павлодар, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Түнде Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде тұман болуы ықтимал.
Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ орталық, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстың кейбір аймақтарында өрт қаупі сақталады.