Бүгін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жел тұрып, бұрқасын болады - Қазгидромет
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - «Қагидрометтің» болжауынша бүгін, ақпанның 3-і күні Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтары атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады.
Ал республиканың қалған аумақтарында ауа райын сібір антициклонының тарамдары анықтайды.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Қызылорда және Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау, Атырау және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында - кей жерлерде тұман, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады, күндіз кей аумақтарда көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы облысының жекелеген жерлерінде - тұман, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.