Бүгін Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында температура - 40 - 43 градусқа дейін төмендеуі мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, ақпанның 9-ы күні Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарына атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалы сақталады.

Бүгін Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында температура - 40 - 43 градусқа дейін төмендеуі мүмкін - Қазгидромет

Ал республиканың қалған аумақтарындағы ауа райын антициклонның суық тарамдары анықтайтын болады.

Мәселен, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстанда - кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында кей аумақтарда бұрқасын болады деп болжануда.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында -40-43 градусқа дейін үскірік аяздар болуы ықтимал.