01:06, 13 Қазан 2016 | GMT +5
Бүгін Қазақстанның тек батысында ғана жауын-шашын болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне орай күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болып, тек батыста ғана жауын жаумайды. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метр/секундқа ұлғаяды.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, жел 16-21 метр/секундқа күшейеді.