Бүгін Қазанда Қазақстанның қос боксшысы шешуші шайқасқа түседі

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазан қаласында өтіп жатқан ХХVII Жазғы универсиаданың бесінші күнінде ең мықты боксшылар алтын жүлде үшін тартысты жекпе-жектерін өткізеді.

Бүгін Қазанда Қазақстанның қос боксшысы шешуші шайқасқа түседі

Соңғы күнгі шешуші шайқасқа Қазақстанның қос былғары қолғап шебері шығады. Атап айтқанда, 56 келіге дейінгі салмақ бойынша Рустам Рустамов ресейлік Сергей Водопьяновпен шаршы алаңда кездеседі.

Сондай-ақ аса ауыр салмақта (+91) Жан Кособуцкий Ресейдің тағы бір боксшысы Магомед Омаровпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, он салмақ бойынша өтетін финалдық жекпе-жектердің 8-інде Ресей боксшылары шаршы алаңға шықпақшы.