Бүгін Қазанда студенттердің 2013 жылғы Жазғы универсиадасы басталады

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қазанда жазғы Универсиада-2013 спорттық шарасының салтанатты ашылуы болады.

Бүгін Қазанда студенттердің 2013 жылғы Жазғы универсиадасы басталады

Студенттердің жазғы жарыстары Халықаралық университет спорты федерациясымен екі жылда бір рет өткізіледі. Қазан Универсиаданы өткізу құқығына 2008 жылы қол жеткізді.

Универсиада-2013 барысында 27 спорт түрінен 350 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар 17 шілдеге дейін жалғасады.

Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың сөзіне қарағанда, 2009 жылдан бері спорттық және көліктік нысандардың құрылысына, сондай-ақ Универсиада қарсаңында инфрақұрылымды құруға 220 млрд. рубльден астам қаржы бөлінді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш Универсиадаға Қазақстанның 135 спортшысы аттанды.