Бүгін Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күнін өткізу тарихы 1987 жылдың 17 қазанымен етене байланысты.
None
None

Ол күні жүз мыңнан астам адам кедейшіліктен, зорлық-зомбылық пен аштықтан көз жұмғандарға тағзым ету мақсатында Париждің Трокадеро алаңына жиналды. Дәл осы елде 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына қол қойылған болатын.

Жиналғандар кедейшілік адам құқықтарын бұзушылық болып табылатындығын айтып, бұл құқықтардың сақталуы үшін бірлесіп күресу қажеттігін дәлелдеді. Тиісті мәлімдемелер осы күні ашылған Естелік тасына қашап жазылды.

Осы күннен бастап діни нанымдары мен көзқарастары, әлеуметтік жаратылыстары әртүрлі адамдар жыл сайын 17 қазан күні жиналып, өз ұстанымдарына беріктігін және аз қамтылғандарды қолдайтындықтарын білдіреді. Осындай естілік тастар көптеген елдерде ашылды, олар аталмыш күнді атап өту орны болып табылады.

1992 жылдың 22 желтоқсанында өзінің қабылдаған қарарында БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 қазанды Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні ретінде белгіледі.

Бүгінгі таңда кедейліктің таралу фактілері әлемде үлкен масштабтарға ие. 1,3 миллиардтан астам адам кедейліктің ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең кедей адамдардың ара-қатынасы 30:1-ден 61:1 дейін артты.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2011 жылы Қазақстан Республикасында ТМД елдерінің ішінде тұрғындарының табысы мен өмір сүру деңгейінен төмен үлесі бар адамдардың ең аз көлемі тіркелді: 5,3 пайыз. Сондай-ақ Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 2011 жылы АҚШ-тағы көрсеткіштен 2,8 есеге, Жапониядан - 3 есеге, Словакиядан - 4 есеге, Германиядан 2,7 есеге төмен болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум