Бүгін кешке Астанада ХІІ-ші халықаралық «Шабыт-2009» шығармашыл жастар фестивалі ашылады

АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ХІІ-ші халықаралық «Шабыт-2009» шығармашыл жастар фестивалі ашылады. Осыған орай ұйымдастырушылар бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бейнелеу өнері (сәндік қолданбалы өнер), классикалық би, классикалық музыка (фортепиано, скрипка), әдебиет (проза), халық музыкасы (домбыра, шертер) және эстрадалық вокал аталымдары бойынша фестивальға биыл 491 үміткер қатысады. Қарашаның 4-і мен 8-і күндері олар өз өнерлерін Қазақстан, Ұлыбритания, Италия, Австрия, Түркия, Швейцария, Корея, Қырғызстан, Ресей және Франция елдерінің өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұсынатын болады.

 Тиісті аталымдар бойынша қазылар алқаларының төрағалары - Абай атындағы опера және балет театрының бас балетмейстері Рамазан Бапов, әлемге танымал пианист Элеонора Бекова, Қазақ Ұлттық музыка академиясының ректоры, белгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова, Қырғыз Республикасының халық әртісі Мұратбек Бегалиев және тағы басқалар.

 Сондай-ақ, қатысушылардың өнерін есімі әлемге әйгілі пианист, Веналық Шуберт триосының негізін қалаушы Клаус Шустер, Ресей халық әртісі Сергей Кравченко, атақты дирижерлар Амори ду Клозель және Клауд Виларет, Лондон Корольдік өнер академиясы мен Сеул университетінің өкілдері және басқалар бағалайтын болады.

 Ф.Оңғарсынованың айтуынша, «әдебиет» аталымы бойынша биыл барлығы 45 туынды келіп түскен. Оның 10-ы қазақ, қалғандары өзге ұлттар тілінде. Сондай-ақ ақын, алдағы уақытта «Шабыт» халықаралық фестивалінің 11 жылдық тарихында лауреат атанған қатысушылардың шығармалары енгізілген жинақ кітап шығарылатынын жеткізді. 

 Өз кезегінде А.Мұсақожаева, Астана - тек ел ордасы ғана емес, сондай-ақ мәдениеттің  де орталығы болып табылатындықтан, «Шабыттың» ауқымы жыл санап кеңейіп отырғанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар