Бүгін кешке Айдың бетінде Қытайдың туы пайда болады

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың ғарыштық аппараты бүгін кешкісін Айға жетеді.

Бүгін кешке Айдың бетінде Қытайдың туы пайда болады

Атап айтқанда, Астана уақыты бойынша шамамен сағат 19:30 кезінде «Чанъэ-3» ғарыш кемесі алты дөңгелекті «Юйту» роботымен Айдың бетіне қонады.

Аталған аппарат сағатына 200 метр жылдамдықпен жүреді және 30 градус қиғаштықтағы төбешіктерге шыға алады.