Бүгін кешке елордалық автобустардың бағыттары өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Абай даңғылы мен Сембинов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Абай даңғылының Уәлиханов көшесінен Бейсекбаева көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстарының өткізілуіне байланысты кешкі сағат 21:00 бастап № 5, 8, 14, 22, 40, 42, 64, 73 және 106 автобустарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мәселен, № 8, 22, 40 және 106 автобустар Уәлиханов - Кенесары көшелерімен жүріп, одан әрі қазіргі сызба бойынша жылжиды және осы сызбамен кері қайтады.
№ 5, 14, 64 және 73 маршруттар Уәлиханов - Кенесары - Бейсекбаев - Жұбанов - Кенесары көшелерімен жүріп, одан әрі қазіргі сызба бойынша қозғалады. Осы сызбамен кері қайтады.
№ 42 бағыт Сейфуллин - Сембинов көшелерімен жүріп, одан әрі қазіргі сызбасына қайта түседі. Кері бағыты - осы сызба бойынша.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін автобустар бұрынғы қозғалыс кестелеріне қайта түсетін болады.