Бүгін кештен бастап жанар-жағармай құю стансалары Қазақстанда бензин бағасын көтеруге құқылы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кештен бастап Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы қымбаттайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзин мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кездегі АИ-92/93 маркалы бензинінің литріне баға 99 теңге көлемінде. Бұйрық ресми жарияланғаннан уақыттан бастап күшіне енеді. Осы құжат біздің сайтқа орналастырылды. Бүгін кешкі ауысымынан бастап жанар-жағармай құю стансалары Аи-92/93 бензинінің литріне 108 теңге көлемінде шекті бөлшек сауда бағасын қоя алады»,-деді Құлмұрзин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Энергетика министрі В.Школьник бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрыққа қол қойды.

Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес енді: дизель отыны - 1 литр үшін 99 теңге;

Аи-80 - 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92/93 - 1 литр үшін 108 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар