Бүгін - Кітап және автор құқығының дүниежүзілік күні

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Кітап және автор құқығының дүниежүзілік күні. Бұл атаулы күн 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28 сессиясында жарияланды (Қарар №3.18).

Бүгін  - Кітап және автор құқығының  дүниежүзілік күні

Бұл күн - 23 сәуір - 1616 жылы өмірден қайтқан Мигель де Сервантес, Уильям Шекспир (Юлиан күнтізбесі бойынша), Инка Гарсиласо де ла Веганы еске алу мақсатында бекітілген. Кітаптың арқасында ең алдымен білімге, ойға рухани моральдық құндылықтарға, адамзаттың шығармашылық жетістіктерімен әсемділікті түсінуіне жол ашылады. Кітап - бұл сан алуан мәдениетті әлемнің терезесі және де әр түрлі уақыттағы өркениетпен кеңістікті жалғастырып тұратын көпір.