Бүгін - Киттердің бүкіләлемдік күні
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін - Киттердің бүкіләлемдік күні.
Бұл атаулы күн 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясының отырысында бекітілген болатын. О баста Кит аулау өнеркәсібін реттеу туралы халықаралық конвенция аясында құрылған Кит аулау халықаралық комиссиясы (IWC) сол жылы ақпанның 19-ында дүниежүзінде кит етін сатуға тыйым салды. Дегенмен, ақпанның 19-ы киттерді қорғау күні ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүт қоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді толығымен жоғалып кету үстіндегі бірегей бір сүт қоректіні қорғауға арнайды.