Бүгін компьютерлік «смайликке» 30 жыл толды
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қос нүкте, сызықша және жақша арқылы қойылатын компьютерлік «смайлик» 19 қыркүйек күні 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Интернетте күлімсіреуді символдармен білдіруді 1982 жылы Питтсбургтегі (Пенсильвания штаты) Карнеги Меллон американдық университетінің компьютерлік мектебінің профессоры Скотт Фалман ойлап тапты. Оның көмегімен интернет пайдаланушылар өздерінің эмоцияларын білдіре алды. Мәселен, күлімсіреуді :-), ал көңілсіздікті :-( белгілерімен көрсетуге болатын.
«Смайликтермен» бастапқы кезде тек университеттің қызметкерлері ғана пайдаланған. Дегенмен, ол өзге де ғылыми және білім беру мекемелері арасында лезде тарады. Онымен қоса, интернет-пайдаланушылар санының артуымен бұл символдар барған сайын көп қолданыла бастады.