Бүгін - Компьютерші күні

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпан - Компьютерші күні ресми емес, бірақ кәсіби салада кеңінен атап өтілетін мереке.
None
None

1946 жылы 14 ақпанда ғылыми әлемге және қызығушылық танытқан барша жұртқа ENIAC I (Electrical Numerical Integrator And Calculator) алғашқы электрондық компьютер таныстырылды. Ең қызығы, тұңғыш есептегіш машинаның әзірленуіне американдық армия демеушілік етті. Оларға компьютер әскери есептеулер жасап, жоспарлар құруға қажет болды. ENIAC I 1955 жылдың 2 қазанының 23 сағат 45 минутына дейін жұмыс істеді, кейін ол бөлшектелді.

Әрине, бұдан да ерте шыққан компьютерлер болды, бірақ олардың бәрі прототиптер және эксперименттік нұсқалар болды. ENIAC болса, іс жүзіндегі міндеттермен нақты жұмыс істейтін алғашқы компьютер болды.

ENIAC сол кездегі көкейкесті әрі қажетті міндеттердің бірі - армияның баллистикалық кестесін есептеу үшін әзірленді.

Соңғы жаңалықтар